Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс-әңгіме

2020 жылдың 10 қарашасында геодезия және картография жоғары колледжінде «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында бірінші курс студенттеріне арналған дәріс-әңгіме өткізілді.

Студенттерге келесі мамандар сөз сөйледі: кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор, Әуезов ПБ аға лейтенанты Сагитова А.А., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омарова М.К., педагог-психолог Әсетова Б.Ж.

Сарапшылар студенттерге коменданттық сағатты сақтау қажеттілігі туралы, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы, заңға қайшы әрекеттердің себептері мен салдары туралы айтып берді, жазаның болмай қоймайтындығына баса назар аудара отырып, жастар жасаған құқық бұзушылықтарға мысалдар келтірді.

Әңгіме соңында студенттер өздерін қызықтырған барлық тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, жан-жақты жауаптар алды.

 

 11 November 2020