State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

«Ер есімі  – ел есінде»

Геодезия және картография жоғары колледжінің  кітапханшысы  Сулейменова Фарида Еділбайқызы 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған  «Ер есімі  – ел есінде » атты  онлайн шолу өткізді.

Мақсаты: Студенттерді адамгершілікке, Отанын  сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу, Ұлы Отан соғысы жылдарында аға буын ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықты, кейінгі ұрпаққа  үлгі–өнеге ету.

Адамзат тарихында алапат қасірет әкелген осынау отты жылдардағы зобалаңның салмағының ауыр болғанын, бүгінгі ұрпақ ешқашан ұмытпауы тиіс. Ұлы Жеңісті жақындатуға атсалысқан абзал арыстарымыздың тылда қосқан еңбегі өлшеусіз. Ағалардың ардақты ісін бүгінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырып келеді. Омырауларында жарқыраған орден–медальдарын тағып анадайдан көзге оттай басылатын ардагер аталарымыздың қатары жыл санап сиреп барады. Бұл күні олар сұрапыл соғыстан оралмаған қарулас майдангерлерді егіле еске алады.

Бүгінгі ұрпақ аға буын ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

 

 06 May 2021