Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

Деструктивті діни ағымдардың жастар санасына кері әсері

25 қазан 2018 жылы колледж қабырғасында «Деструктивті діни ағымдардың жастар санасына кері әсері» тақырыбында, 2 курс студенттерінің қатысуымен Семей өңірі бойынша діни ағымдардың мәнін түсіндіру бойынша ақпараттық – түсіндіру тобының мүшелерімен кездесу өтті.

Дін мәселесі – өте нәзік тақырып. Аталмыш іс-шараның мақсаты – оңы мен солын әлі жете танып-білмеген өрімдей жастардың діни көзқарасын қалыптастыру, оларға салиқалы әрі салмақты түсінік беру, жастарды түрлі теріс ағымдардан сақтандыра отырып, отансүйгіштікке, имандылыққа, мәдениеттілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, шынайы дәстүрлі игілікті рухани байлықтарын насихаттау.

Іс-шара шеңберінде, ата-бабамыздың мұра етіп қалдырған салт-дәстүрі, мәдени құндылықтарысыз бен қазіргі қоғамның тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымы жүйесі ретіндегі діннің рөлі түсіндірілді. Мамандар діни ахуалға тереңірек тоқталып, дәстүрлі емес діни ағымдардан алданған жастардың өмірлерінен мысалдар келтірді. Сонымен қатар, әлеуметтік желідегі діни бағындыру туралы сұхбат жүргізіп, сонда тіркелген жастарды абай болуға шақырды. Тағылымды кездесу барысында студенттер деректі бейнематериалдар тамашалап, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауаптар алды.

 29 October 2018