Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

Рухани келісім күні

Геодезия  және картография жоғары колледжінің  кітапханашылары  18 – қазан Рухани келісім күніне орай онлайн  көрме ұйымдастырды.

Мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ету.

Рухани келісім, ұлттар мен дәстүрлі діндер арасындағы бірлік – баға жетпес байлығымыз, ал тұрақтылық – тұғырымыз. Бүгінгі берекелі күнге бірліктің арқасында жеттік. Елдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші халықтардың өзара татулығы негізінде дами түсетіні түсінікті. Ел басқарған парасатты басшылар қашан да бірлік пен татулыққа аса мән берген.

Күнтізбемізге 1992 жылдың 18 қазаны Рухани келісім күні ретінде енуі – қазақ топырағына бейбітшілік орнатып, тұрақты қоғам құру идеясынан туған үлкен бастама.

 

 19 October 2020