Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

COVID-19 карантині кезіндегі психоәлеуметтік денсаулық ережелері

ЗОЖ во время карантина
COVID-19 карантині кезіндегі психоәлеуметтік денсаулық ережелері

Мәжбүрлі карантин мәселесінің бірі – адамның психоәлеуметтік жағдайы. COVID-19 жағдайында жеке бас гигиенасын ғана емес, сонымен бірге эмоционалды тұрақтылықты да сақтаған жөн және мүмкін болса, мұқтаж адамдарға көмектесуіңіз керек.

Карантин кезінде өзін-өзі ұстау бойынша ұсыныстар (оның ішінде қашықтықтан оқытуға көшу кезінде).

1. COVID-19 көптеген елдердің адамдарына, көптеген географиялық жерлерде әсер етуі мүмкін. Оны ешқандай этникалық немесе ұлттық қатынаспен байланыстырмаңыз. Зардар шеккендердің барлығына мұқият болыңыз. COVID-19 зардап шеккен адамдар ешқандай жамандық жасаған жоқ және олар біздің қолдауға және жанашырлыққа лайық.

  1. Сізді мазалайтын жаңалықтарды көруді, оқуды немесе тыңдауды азайтыңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін ақпаратты тек сенімді көздерден алыңыз. Егер сіз өзіңізді мазасыз сезінетін болсаңыз, күндізгі уақытты жаңалықтарды сенімді ақпарат көздерінен тексеретін уақытты белгілеуді ұсынамыз. Қауесеттерге сенбеңіз – ДДҰ сайтынан (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) және денсаулық сақтаудың жергілікті органдарының платформаларынан үнемі ақпарат жинаңыз, бұл фактілерді қауесеттерден ажыратуға көмектеседі. Фактілер қорқынышты азайтуға көмектеседі.
  2. Өзіңізді қорғаңыз және басқаларға қолдау көрсетіңіз. Қиын кездерде басқаларға көмектесу көмекке зәру адамға да, көмекшіге де пайдалы. Мәселен, телефон арқылы көршілеріңізден немесе сіздің қоғамдағы адамдардан, қосымша көмекке мұқтаж адамдардан не болып жатқанын сұраңыз. COVID-19-бен байланысты бір қауымдастықта жұмыс істеу ынтымақтастық орнатуға көмектеседі.
  3. Егер сізде COVID-19-дан қорқуды бастаған кіші інілеріңіз болса, оларға қорқыныш немесе қайғы сияқты сезімдерден құтылудың оң жолдарын табуға көмектесіңіз. Әр баланың эмоцияны білдірудің өзіндік тәсілі бар. Кейде шығармашылық жұмыстарға қатысу, мысалы, ойын немесе сурет салу, бұл процесті жеңілдетеді. Балалар өз сезімдерін қауіпсіз және қолдау көрсететін ортада білдіріп, жеткізе алса, жеңілдейді. Күйзелістер мен дағдарыстар кезінде балалар өздеріне көбірек көңіл аударғанын қалайды. Ең адал және бауырларыңыздың жасына сай әдісті қолдана отырып, бауырларыңызбен (балаларыңызбен) COVID-19-ды талқылаңыз. Егер сіздің бауырларыңыз бен сіңлілеріңізде (балаларыңызда) қиындықтар туындаса, бірлескен шешім олардың мазасыздығын жеңілдетеді. Бауыр-сіңлілеріңіз (балалар) қиын кездерде өз эмоцияларын қалай басқаруды түсіну үшін ересектердің мінез-құлқы мен эмоциясын бақылайды.
  4. Егде жастағы адамдар, әсіресе оқшауланған және когнитивті/ деменциямен ауыратын адамдар, карантинге түскен кезде мазасызданып, ашулануы, жүйке жүйесінің қозуы мүмкін. Оларға практикалық және эмоционалды қолдау көрсетуге тырысыңыздар. Не болып жатқандығы туралы қарапайым фактілермен бөлісіңіз, жұқтыру қаупін азайту туралы нақты ақпарат беріңіз, қарапайым сөзбен айтқанда, қарт адамдар түсінеді. Қажет болған кезде ақпаратты қайталаңыз. Нұсқаулар нақты, қысқа, құрметпен және шыдамдылықпен берілуі керек. Сондай-ақ ақпаратты жазбаша немесе суреттер түрінде көрсету пайдалы болуы мүмкін.
  5. Қажет болған жағдайда медициналық көмек қайда және қалай көрсетілетінін алдын ала біліп алыңыз.
  6. Күнделікті физикалық жаттығуларды үйде, карантинде немесе оқшауланған жерде физикалық белсенділікті сақтау үшін орындаңыз.
  7. Байланыста болыңыз және әлеуметтік желілерге мөлшерленген уақыт бөліп тұрыңыз. Егер денсаулық сақтау органдары сіздің жеке әлеуметтік байланыстарыңыздың өршу қаупін болдырмауға кеңес берсе, сіз электронды пошта, әлеуметтік желілер, бейнеконференциялар және телефон арқылы байланыста бола аласыз.
 09 April 2020