Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

Құрметті кітап сүйер студенттер, бірге кітап оқиық!!!

 

«Геодезия және картография жоғары колледжі» кітапханашылары        жазғы демалысқа студенттерді кітап оқуға баулу  мақсатында, 2020 жыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша Шығыс ғұламасы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық және ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойларына орай оқылатын кітаптарды ұсынады.

  1. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясы:

“Абай жолы” 1-том

“Абай жолы” 2-том

“Абай жолы” 3-том

“Абай жолы” 4-том

https://vk.com/doc-151737059_451316181?dl=c1b5694797d6b2be62

 

  1. ӘнуарӘлімжан «Ұстаздың оралуы»

http://elib.kaznu.kz/book/4949

Мақсаты – студенттерді патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау және дамыту мен сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға және оқуға деген жәрдемдесу болып табылады. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Қазіргі сәтте елімізде ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқан оқиғаларға мойымай, ертеңгі күнге зор үміт артып, пайда болған артық уақытымызды кітап оқуға арнайық. Осыған орай, 2020 жылдың желтоқсан айында кітапханада өткізілетін «Бір ел – бір кітап» акциясы ұсынған кітаптарды талқылауға колледж оқырмандарын дөңгелек үстелге шақырамыз. Белсене қатысқан оқырмандар марапатқа ие болады.

 

 10 June 2020