Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

Қайырымдылық – адамгершілік белгісі

 

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» атты ұранмен Геодезия және картография колледжі студенттері қайырымдылық акциясын өткізуді жалғастыруда. Акция аясында аз қамтылған отбасыларына материалдық көмек көрсетіп, №8 балалар үйінің тәрбиеленушілерін «Әлем» кинотеатрына апарып, бір сәт көңіл-күйлерін көтерді. Қалалық сенбілікпен ұштастыра отырып, №8 балалар үйі лагерьінің алаңын тазартуға қолғабыс жасады. Алдағы уақытта, колледжімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады деген сенімдеміз…

 

 13 May 2019