Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

«АБАЙ-ДАНА, АБАЙ-ДАРА» дөңгелек үстел

«АБАЙ-ДАНА, АБАЙ-ДАРА» дөңгелек үстел

Геодезия дәне картография жоғары колледжі коворкинг орталығында кітапханашылардың ұйымдастыруымен, Абай  Құнанбайұлының 175 жылдық мерекесіне арналған «Абай- дана, Абай-дара» тақырыбында дөңгелек  үстел өткізілді. Дөңгелек үстел қонағы ретінде  Қазақстан Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі «Солтүстік» Өңірлік басқармасы 2098 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар бөлімшесінің  офицер капитаны Қабдош Марат Төлегенұлы, кіші сержант Маусумбаев Ғалым қатысты.

Мақсаты : саналы ұрпаққа Абай мұрасын насихаттау, саналы жастарды ұлтжандылыққа, табандылыққа еңбекқорлыққа, Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу.

Дөңгелек үстел 4 бағытта  талқыланды: Абайдың өмірбаяны, балалық шағы, отбасы туралы; қара сөздері; поэзиясы; әндері. Дөңгелек үстел барысында студенттер өз ойларын ашық жеткізіп талқылады.

 18 February 2020