State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

2 курс студенттерінің оқу тәжірибесі

“Геодезия және картография колледжі” КМҚК  8 сәуір мен 28 шілде аралығында 2-курс студенттеріне арналған оқу тәжірибесі өткізілуде. Бұл уақытта студенттер оқу бағдарламасының теориялық  сабақтарында алған білімдерін тәжірибе негізінде бекітеді. Оқу тәжірибесінің барысында студенттер құрылғыны зерттеу, теңестіру, геодезиялық аспаптардың зерттеулерін орындауды, жоспарлы және биіктіктен түсірілім негіздерін құру бойынша геодезиялық жұмыстарды орындаудың әдістемесін үйренеді,  топографиялық түсірілімдер мен басқа да геодезиялық жұмыстарды атқарады.

14-18 мамыр аралығында 205 топ студенттері оқытушы Федорук Ермек Кальбековнаның жетекшілігімен биіктік негіздеуді геометриялық нивелирлеу әдісі арқылы орындап, оқу тәжірибесінен өтті. Студенттер далалық жұмыстарды табысты аяқтады,  түсірілім негіздемесінің нүктелері бойынша IV класты нивелирлік жүрісті орындап, биіктік өсімшесін теңестіру бойынша камералдық жұмыстарды атқарды және теодолиттік жүрістің нүктелік белгілерін анықтады. Жұмыстың соңында студенттер сынақ тапсырады. Сынақтың негізгі элементтерінің бірі – «далалық бақылау». Биіктік негіздеуді геометриялық нивелирлеу әдісі арқылы биіктік негізді құру бойынша оқу тәжірибесі сәтті аяқталды. 205 топ студенттері далалық бақылауды тапсыру үстінде.

 21 May 2018