State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

  Сіздерді кәсіби  мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен құттықтаймыз!

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді кәсіби  мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен құттықтаймыз!

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы – адам болса, сол «адамның адамшылығы  жақсы ұстаздан» дейді дана Абай.

Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де – ұстаз. Сондықтан еліміздің ертеңгі келешегі сіздердің қолдарыңызда. Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін!

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қиын да қастерлі ұстаздық қызметте табыс тілейміз!

 02 October 2020