Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

1 ЖЕЛТОҚСАН – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

«Геодезия және картография колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күнін облыс әкімі Д.К.Ахметовтың онлайн режимде құттықтауын тыңдаумен бастады. Кейін жылдағы дәстүрге сай әр топ түрлі форматта «Көшбасшы сабағын» өткізді. Мәселен, «Елін танытқан – Елбасы», «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары», “Уроки лидерства” тақырыптарында топ сағаттары өтсе, енді бір топтар дөңгелек үстел ұйымдастырып, қонақ шақырды. 303 ТА тобы өз тәрбие сағаттарына «Достық үйінің» «Свитанок» украин қоғамының хатшысы, әдіскер-педагог Михайлуца Алла Васильевнаны шақырса, 203 ТА тобы өткен оқу жылдарының түлектерін шақырып, ой бөлісіп, пікір алмасты. Енді бір топтар «Көшбасшы жолы» бейнеролигін көріп, Елбасының Қазақ елін дамыту, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылу жолында бағындырған шыңдары мен жеткен жетістіктері туралы мағлұмат алды.

 03 December 2019