State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

“Мейірімділік, махаббат, сүйіспеншілік!”

Семей қаласы геодезия және картография колледжі кітапханасында 304 топ студенттері мен жетекшісі Ксупова Айнур Абдыкаримовнаның  қатысуымен, 2019 жыл – «Жастар жылы», 1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай ұйымдастырылған    «Мейірімділік, махаббат, сүйіспеншілік» тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсаты, Жастарды ата-анасына, жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген мейірімділік, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Кітапханада көрме ұйымдастырылып, мейірімділік жайлы буклеттер, кітаптар, қойылды. Шара барысында, Шуршутбаева Лағыл Қалқатаевна студенттердің анаға деген құрметтерін аңыз әңгімелерді мысалға келтіру  арқылы, мейірімділіктерін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүруге жол көрсетті. Қасымова Сания Турсуновна жастардың махаббат мәселесін терең ұғынуда сүйіспеншіліктің, силастықтың маңызын айтып өтті.  Жанабай Динара, Айтбай Айдана өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты.  Жастарды мейірімділік, махаббат, сүйіспеншілік қасиеттерден арылмауға, қоғамда адал адам болып қалыптасуларына сәттілік тіленді. Осы қасиеттері бойына сіңірген жастарға, әрдайым қамқорлық көрсетіп келе жатқан Елбасына алғысымыз шексіз. Білімді және рухты қазақ жастарының Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосатынына біз де сенімдіміз.  Іс шара қызықты да, тартымды өтті.

 07 March 2019