State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

Колледждің материалдық-техникалық базасы

Колледждің оқу кешені екі корпустан тұрады: біріншісі 1975 жылы салынған, төрт қабатты  типтік оқу ғимараты, екіншісі 1966 жылы салынған оқу-тұрмыстық корпус, бес қабатты, 4-5 қабаттары жатақханаға бейімделген.

Корпустарда 10 оқу кабинеті орналастырылған, 12 зертхана, геодезиялық аспаптарды  жөндеу шеберханасы,  кітапхана, асхана, буфет, медициналық кабинеті, спорт және акт залдары және т. б. бар.

Колледж аумағында дене шынықтыру – спорт алаңы бар, спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Колледждің жалпы балансын – 7902,7 ш. м. алаң құрайды, оның ішінде: бірінші оқу корпусы, қосалқы құрылыстары – 4304,4 ш. м., екінші оқу-тұрмыстық корпусы, жатақханасы  – 3435,6 ш. м., гаражы – 162,7 ш. м..

Колледжде мамандықтар  бойынша геодезиялық бейіндегі оқу-әдістемелік бірлестіктер  (ОӘБ)  жұмыс істейді.

50 компьютер орнатылған 5 компьютер. Колледжде барлығы 94 компьютер бар, оның 86-сы оқу үрдісінде пайдаланылады. 66 дербес компьютер ғаламтор  желісіне қосылған, яғни бұл колледждегі компьютер паркінің  77% құрайды.

Колледжде медициналық кабинет бар. 2015 жылы колледжге жатақхана ғимараты қайтарылды, онда 50 орындық асхана жұмыс істейді.

Оқу кабинеттері мен зертханалар геодезиялық және фотограмметриялық аспаптармен жабдықталған. Қазіргі таңда зертханаларды заманауи техникалық құралдармен жабдықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Оқу кабинеттері мен зертханалардағы аспаптар саны  зертханалық-тәжірибелік жұмыстарды жеке және бригадалық әдіспен оқытуға мүмкіндік береді. Оқу тәжірибесі аэрофототүсіру және картографиялық материалдармен қамтамасыз етілген 3 геодезиялық полигонда өткізіледі.  Бір полигон қала аумағында орналасқан, екі полигон қала маңындағы аймақтарда орналасқан. Осы полигондар оқу тәжірибесі бағдарламаларының толық көлемде  орындалуын қамтамасыз етеді.

 Оқу зертханалары 

Колледжде 12 зертхана мен 10 кабинет бар.

Зертханалар: Геодезия, Жоғары геодезия, Қолданбалы геодезия, Инженерлік-геодезиялық іздестіру, Электронды-геодезиялық өлшеу құралдары, Сандық фотограмметрия, Фотограмметрия, Геоақпараттық жүйелер мен технологиялар, Карталарды құру және өңдеу, Сандық картографиялау, Информатика, Стереофотограмметрия.

Арнайы пәндер кабинеттері: Топографиялық және картографиялық сызу, Физикалық география мен геоморфология,  Картография, Өндірісті басқару және ұйымдастыру, Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігінің негіздері, Шет тілі, Қазақ (орыс) тілі, Әлеуметтік-қоғамдық пәндер, Дене тәрбиесі, Әдістемелік кабинет.

Барлық арнайы пән кабинеттерінде  тақырыптық ақпараттық  стендтер, қосымша оқу әдебиеті, көрнекі құралдар, тәжірибелік сабақтар мен студенттердің өзбеттік жұмыстарына арналған  тапсырмалар бар .

Зертханалық, тәжірибелік сабақтар мен оқу тәжірибелерін өткізу үшін колледж қажетті  аспаптармен және құрал-жабдықтармен жабдықталған.

тахеометр spectra precision focus

оптический Нивелир CST

цифровой нивелир TRIBLE

электронный нивелир
р/н Аспаптар тобы Бары
1 2 4
1.1 Жоғары дәлдікті теодолиттер 50
1.2 Дәл теодолиттер 64
1.3 Техникалық теодолиттер 89
2.1 Жоғарғы дәлдікті нивелирлер 26
2.2 Дәл нивелирлер 50
2.3 “Leica” фирмасының  нивелирі 1
2.4 Нивелир “55-SAL28 ND” 1
2.5 Техникалық нивелирлер 49
2.6 “Trimble Dini” сандық нивелирлері 5
2.7 “DNA 10 SPRINTER” сандық нивелирлері 1
3.1 Жарыққашық өлшеуіштер 8
3.2 Радиоқашықөлшеуіштер 2
4.1  “АГАТ-3” электронды тахеометрі 1
4.2  “Leica ТС-307” электронды тахеометрі 1
4.3 “Leica ТС-407” электронды тахеометрі 1
4.4  “Focus – 6” электронды тахеометрі 1
4.5 “Focus – 6.5” электронды тахеометрі 5
4.6 КН кипрегельдері 93
5.1 ГИ-Б2 1
7.1 “EPOCH-10” GPS жүйесіндегі біржиіліктегі кешен 1
7.2  “TRIMBELR 3” GPS жүйесіндегі біржиіліктегі кешен 1
7.3 Пилотсыз ұшу аппараты 1
8.1 Фототрансформаторлар 2
8.2 Әмбебап топографиялық проекторлар 6
8.3 Әмбебап стереофотограмметриялық аспаптар 15
8.4 PHOTOMOD (10 жұмыс орнына) бағдарламалық қамтамасыз ету 10
8.5 CREDO (10 жұмыс орнына) бағдарламалық қамтамасыз ету 10
9.1 Түрлі модельдегі дербес компьютерлер 9
9.2 Микрокалькуляторлар 1
10.1 КҚ-5 шағын координатографы 1
10.2 Электр гравюрлік аспаптары 122
10.3 Плоттер 1
11.1 Трас жолын бағдарлаушы 12
11.2 Лазерлік нысаналар 4
11.3 Лазерлік приставкалар 2
11.4 Электронды планиметр 1
11.5 “Leika Disto A5” лазерлік рулеткасы 3

Нивелир SETL GTX 120

Монитор Stereo Pixel

Leica NA 720

GPS Приемник Spectra Precision Epoch 10

Шеберханаларды  жаңарту мен қайта жарақтандыру 

Колледждің материалдық базасын дамыту туралы  тапсырыс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жыл сайын жолданады. 2012 жылы колледжге құрал-жабдықтарды жаңарту үшін 10 млн. теңге қаражат бөлінді.

Заманауи аспаптар сатып алынды:

  • “Spectra Precision Focus 6.5” тахеометрі – 5 жинақ.,
  • “CST/Berger DGT10” сандық теодолит- 1 жинақ.,
  • Тахеометрлар аксессуарының  жиынтығы.,
  • Веха CST (2,5 м,Quik-Lok,TMA)-5 жинақ,
  • “EPOCH-10” біржиілікті GPS жүйесінің жинағы,
  • “TRIMBLE R3” қабылдағышы  -1 жинақ ,
  • “Lcreflex-2002” стереомониторы – 5 дана,
  • “CREDO” бағдарламалық кешенінің жинағы -10 жұмыс орны.

Заманауи техникалық құралдар  келіп түскеннен кейін оларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

2014 жылы республикалық бюджеттен жабдықтарды жаңғыртуға үшін 25 млн. теңге бөлінді.

Қазіргі заманғы аспаптар сатып алынды:

  • ұшақ үлгісіндегі пилотсыз ұшу аппараты (1 жинақ);
  • “LcReflelex-2002” стереомониторы (5 дана);
  • “Biz Com” жүйелік блоктар  (5 дана),
  • Trimble Dini нивелирі (5 дана),
  • А0+ Epson Stytus Pro 9890 форматты плоттер.

Қала маңындағы геодезиялық полигонда өз күшімізбен құрылған  геодезиялық негіз кәсіптік тәжірибе бағдарламасында қарастырылған топографо-геодезиялық жұмыстардың барлық түрі бойынша оқу тәжірибесін жүргізуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы МЖБС  сай келетін жаңа  кабинеттер мен зертханаларды жинақтау бойынша, қолданыстағы арнайы пәндер зертханаларын, оқу кабинеттерін және толық оқу корпусын қайта жабдықтау бойынша жұмыстар жалғасуда.

2016 жылдың ақпанында екінші оқу-тұрмыстық корпусыта  кітапхана ашылды, жалпы көлемі 55,8 кв. метр.

Енді колледжде 2 оқу залы бар. 1 оқу  залы 10 орындық, 2 оқу залы 32 орындық және кітап қоймасы бар.

Кітапхананың жалпы ауданы 206,8 шаршы метр. Кітапхананың оқу залында  ғаламтор желісіне қосылған 6 ноутбук бар. Екінші оқу залында  компьютер орнатылған.

Кітапхананың кітап қоры – 49301 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде 3070 дана. Оқу әдебиеті – 38575 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде – 2434 дана. Өткен жылдағы кітап қорымен салыстырғанда 640 дана кітапқа толықтырылды.

 09 May 2018