State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»

Болашақ мамандармен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның нормаларын және қоғамдағы жалпы төзбеушілікті түсіндіру бойынша онлайн кездесу өтті

Бүгін, 2020 жылғы 14желтоқсанында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның нормаларын және парасаттылық идеологиясын нығайтуды қамтамасыз ету шеңберінде қоғамдағы жалпы төзбеушілікті түсіндіру бойынша 4 курс студенттерімен онлайн кездесу ұйымдастырылды.Онлайн кездесуге “Нұр Отан” партиясы Семей қалалық филиалы саяси кеңес мүшесі М.К. Джакимбаев шақырылды.

Кездесуді ұйымдастырушы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Махаббат Кыилынбековна аталған іс-шараның басты міндеті болашақ мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті түсіндіру екендігін атап өтті. Аталған тақырып бойынша алдын ала дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, ортақ талқылауға салынды.

Кездесу соңында студенттер өздерінің сауалдарын қойып, сұрақтарына жауап алды.

 

 14 December 2020