State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

«Фотограмметрия»

2021 жылдың 24 ақпанында

 

жоғары біліктілік санаты бар Арнайы пәндер оқытушысы (педагог – зерттеуші) В.П. Лямзин АФГ 303 тобында “Фотограмметрия” пәні бойынша “Сыртқы бағдарлау және биіктіктегі фотограмметриялық желілерді байланыстыру”тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.

Сабақ GoogleMeet қосымшасының көмегімен онлайн форматта өтті.

 

Оқытушының негізгі мақсаты – студент алған білімін өз бетінше қолдана алуына қажетті жағдайлар жасау (білімді меңгеру процесінің үйлестірушісі -оқытушы) болып табылады. Мазмұны мен құрылымы заманауи сабақтың барлық талаптарына сәйкес келеді.

Сабақ барысында келесі жұмыс түрлері мен қызмет түрлері қолданылды (Кембридж әдістемесібойынша):

* жобаларды қорғауда студенттер тобымен сұхбаттық  оқыту

* бағалау, талдау, синтездеу, оқу ақпаратын ұғыну, оқытудың топтық түрі

*жобаны орындау кезінде графикалық бағдарламалармен, интерактивті оқытумен,  әлеуметтік желіде  жұмыс істеу

*желілік қоғамдастықта жұмыс істеу, мақсат қоюға және сабақты жоспарлауға заманауи көзқарас – “Оқытушының көшбасшылығы және оқытудағы өзгерістер үдерістерін басқару” модулі.

Студенттер жаңа ұғымдарды игере отырып, бекітуде орынды пайдалана білді, сабақ мақсатына жетті. Бұл сабақ “Кеңістіктік фототриангуляция” бөлімінің сабақтар жүйесінде маңызды, өйткені, алынған білім мен орындалған жаттығулар сабақтың тақырыбы бойынша тәжірибелік тапсырмаларды сапалы орындауға мүмкіндік береді. Оқытушы жоғары кәсібилікті көрсетеді, жақсы білім мен дағдыларды көрсетті.

 

 01 March 2021