Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

Құқықтық тәрбие

“Геодезия және картография колледжі” студенттерін құқықтық тәрбиелеу бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.

Бұл бағытта колледж ұжымы құқық органдарының қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізеді (жылда бірлескен жұмыс жоспары құрылады).  Құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмектесу үшін құқық бұзушылықтың алдын-алу және жолын кесу үшін және заңдарды құрметтеу рухында тәрбиелеу үшін  колледжде 5 адамнан тұратын «Жалын» полицияға қолғабыс ету отряды жасақталды. Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Семей қаласының Әуезов аудандық ІІБ мен колледждің арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.  Семей қаласының Әуезов аудандық ІІБ мен «Жалын» полицияға қолғабыс ету отряды арасында бірлескен жұмыс жоспары жасалды.

Сондай-ақ, оқу жылы барысында колледж студенттері және Семей қаласының Әуезов аудандық ІІБ инспекторлары  лейтенант Шындалинов Архат Саятұлы және қатардағы полиция Бокишев Олжас Сейсенажиұлымен кездесулер өткізілді. 2 курстың 165 студенті, 3 курстың 135 студенті тіркелді.

Топ жетекшілерімен жүйелі түрде «Гендер – тең құқықтар мен мүмкіндіктер», «Темекі шегуге заңды түрде тыйым салу», «Менің құқығым бар» тақырыптық топ сағаттары өткізіледі.

Ағымдағы оқу жылында құқықтық тақырып бойынша мынадай іс-шаралар өткізілді:

Бөлім Өткізілген іс-шаралар Курс Қамтылуы
 

Тәртіп ережелері

 

«Колледж Жарғысымен және студенттерге арналған бірыңғай талаптармен танысу» тақырыбында әңгімелесу. 2 165
«Құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын алу» 2 26
«Біздің өміріміздің басты құндылықтары» (топ сағаты). 2 24
«Құқық – өмір айнасы» 2 23
«Адам құқығы» 2 25
«ҚР қылмыстық кодексі» өзгерістерімен таныстыру. Жасөспірімдер инспекторымен кездесу. 2 166
Мен азаматпын «Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары». 3 26
Топ сағаты: «Тәуелсіздік: бабалардың арманы-ұрпақтардың шынайлығы». 2 25
Топ сағаты: «Мәншүктің жұлдызды сәті». 2 24
Топ сағаты: «Еңбек келісімшарты». 4 28
Топ сағаты: «Экстремизм заңсыз». 4 20
Бала құқығы Топ сағаты: «Жас маманның құқықтары мен міндеттері». 4 51
Ауызша журнал «Бала құқықтары туралы конвенция». 2 23
Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік Әңгімелесу: «Қылмыстар мен құқық бұзушылықтар». 2 49
Әңгімелесу: «Травматикалық жағдайды қалыптастырудағы әкімшілік және құқықтық жауапкершілік». 3 66
Орталық мешіттің теологымен және ішкі саясат бөлімінің ақпараттық-насихаттау тобының мүшесімен  кездесу.

«Дәстүрлі емес діни бірлестіктер. Олар қаншалықты қауіпті?» тақырыбында әңгімелесу.

3 138

Негізгі міндет: жасөспірімді мінез-құлықтары үшін жауапкершілікті сезінуге, өмірлік мақсаттар мен міндеттерді белгілей білуге, құрдастарымен оң қарым-қатынас жасай білу дағдыларын игеруге бағыттау.

 11 June 2018