State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

07310200 – “Геодезия және картография”

07310200 – “Геодезия и картография” білім беру бағдарламасы 

«Геодезия және картография колледжі» КМҚК студенттерге «техник-картограф», «техник-геодезист» және «техник-аэрофотогеодезист» біліктіліктері бойынша оқуға мүмкіндік береді. Осы біліктіліктер бойынша оқыту іштей оқыту түрінде жүргізіледі.

  • – 4s07310201 – техник – геодезист
  • – 4s07310202 – техник – аэрофотогеодезист
  • – 4s07310203 – техник – картограф

4s07310202 – “техник – аэрофотогеодезист” біліктілігі

Топографиялық – геодезиялық жұмыстарды аэрофототүсіру және ғарыштық түсіру материалдары бойынша мемлекеттік картографиялау  жұмыстарын орындау үшін техник – аэрофотогеодезисттерді дайындайды.

Техник – аэрофотогеодезист  даярланады:

  • аэрофототүсіру, ғарыштық түсірілім және фототеодолиттік  түсірудің жер үсті тәсілдерінің  материалдары бойынша  елді мемлекеттік картографиялау кезінде  отограмметриялық және стереотопографиялық жұмыстарды орындау үшін;
  • Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) материалдары бойынша Жердің табиғи ресурстарын зерттеу кезінде фотограмметриялық және стереотопографиялық жұмыстарды жүргізу үшін;
  • Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) материалдары бойынша ірі инженерлік құрылыстарды жобалау кезінде фотограмметриялық және стереотопографиялық жұмыстарды жүргізу үшін;
  • Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) және жер үсті фототеодолиттік түсірілім материалдары бойынша пайдалы  қазбаларды зерттеу кезінде фотограмметриялық және стереотопографиялық жұмыстарды жүргізу үшін;
  • геологиялық барлау жұмыстарына;
  • әртүрлі таспалар арқылы әскерлерді фотографиялық және фотограмметриялық ақпараттармен жедел қамтамасыз ету үшін.

Өндірістік-технологиялық

  • аэро және ғарыштық түсіру материалдары бойынша топографиялық түсірілімдердің геодезиялық негіздерін фотограмметриялық жиілендіру;
  • инженерлік құрылымдарды жобалау мен құрылыс жүргізу үшін мемлекеттік картографиялау кезінде, Жердің табиғи ресурстарын зерттеу кезінде фотограмметриялық негіздерді дайындау;
  • ЖҚЗ материалдары бойынша топографиялық карталарды жаңарту және елді мемлекеттік картографиялау кезінде стереотопографиялық түсірімдерді жүргізу;
  • инженерлік құрылыстарды жүргізу барысында деформациялану мен ауытқуларды бақылау кезінде  фотограмметриялық өлшеулер жүргізу;
  • аспаптардың техникалық жағдайына кезеңдік тексеру жүргізу және оларды жұмысқа жарамды қалыпқа келтіру туралы шешім қабылдау.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық

  • орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру;
  • өндірістік жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру;
  • өндірістік учаскелерде қауіпсіздік техникасымен қамтамасыз ету.

Тәжірибелік-эксперименттік

  • заманауи жабдықтар, аспаптар мен техникалық құралдарды пайдалана отырып, фотограмметриялық және стереофотограмметриялық жұмыстарды орындаудың  жаңа технологияларын меңгеру және енгізу.

4s07310201 – “техник – геодезист” біліктілігі

Халық шаруашылығының түрлі салаларында кең тараған түрі болып табылады.  Құрылыс кезеңінде геодезистер түрлі әдістермен және жоғары дәлдіктегі  аспаптармен негізгі колонналарды, кран асты жолдарын монтаждауды қамтамасыз етеді. Құрылысты аяқтау кезеңінде техник- геодезистер салынған ғимараттар мен құрылыстардың  жай-күйіне  бақылау жүргізеді. Геодезисттің қатысуынсыз бірде-бір құрылыс жүргізілмейді.

Техник-геодезист дайындалады:

  • зерттеу, жобалау, құрылыс және инженерлік құрылымдарды пайдалану кезінде инженерлік-геодезиялық жұмыстар кешенін орындау бойынша кәсіптік қызметке;
  • елді мекен кадастрын геодезиялық қамтамасыз етуге;
  • түрлі ұйымдық-құқықтық нысандар мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының инженерлік-геодезиялық бейіндегі кәсіпорындарында геодезиялық жұмыстарды метрологиялық қамтамасыз етуге;
  • елді мемлекеттік картографиялау кезінде геодезиялық және топографиялық жұмыстарды орындау үшін;
  • геологиялық барлау жұмыстарына;
  • әскерді топографо-геодезиялық қамтамасыз ету үшін.

  4s07310203 – “техник – геодезист” орта білікті мамандары кәсіптік қызметтің  келесі   түрлерін орындай алады:

  • өндірістік-технологиялық;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • тәжірибелік-эксперименттік.

Өндірістік-технологиялық

  • түрлі инженерлік-геодезиялық жұмыстар үшін геодезиялық негіздер құру;
  • құрылыс жобасын геодезиялық дайындауды орындау және оны жүзеге асыру; 

  • құрылымдарды пайдалану кезінде геодезиялық бақылау  жүргізу;
  • қолданыстағы  нормативтік құжаттар талабына сай далалық және камералдық инженерлік- геодезиялық жұмыстардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
  • аспаптар мен қондырғыларды тиімді пайдалануды бақылау;
  • аспаптардың техникалық жағдайына кезеңдік тексеру жүргізу және оларды жұмысқа жарамды қалыпқа келтіру туралы шешім қабылдау.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық

  • орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру;
  • өндірістік жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру;
  • өндірістік учаскелерде қауіпсіздік техникасымен қамтамасыз ету.

Тәжірибелік-эксперименттік

  • заманауи жабдықтар, аспаптар мен техникалық құралдарды пайдалана отырып, инженерлік-геодезиялық жұмыстарды орындаудың  жаңа технологияларын меңгеру.

4s07310203– “техник – картограф” біліктілігі

Карта құрастыру – күрделі үдеріс, оны меңгеру осы біліктілікте жүзеге асырылады.

Карталар ғылым мен адамзат мәдениетінің ең үлкен жетістіктерінің бірі. 

Онсыз қалаларды, жолдарды, суару және дренаждық жүйелерді, елдің шаруашылық дамуын жоспарлау мүмкін емес. 

Картасыз ғалымдар да, ұшқыштар да, теңізшілер де, зерттеушілер де, саяхатшылар да ештеңе істей алмайды.

Техник – картограф дайындалады:

  • елді мемлекеттік картографиялау барысында геодезиялық, топографиялық және фотограмметриялық жұмыстарды орындау үшін;
  • геологиялық барлау жұмыстарында;
  • әр түрлі типтегі инженерлік құрылыстарды салу және пайдалану кезінде геодезиялық, топографиялық және фотограмметриялық жұмыстарды геологиялық барлау;

  • әртүрлі тұрпатты инженерлік ғимараттарды зерттеуде, құрастыруда және пайдалануда топографиялық және фотограмметриялық жұмыстарды орындау үшін;
  • әскерлерді картографиялық қамтамасыз ету үшін.

Экономиканың нақты секторларына байланысты

Экономика салаларының ерекшелігіне және жұмыс берушілердің  орта деңгейдегі 0713043 “техник – картограф” біліктілігі мамандарын даярлауға тапсырысына байланысты картографтар келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:

  • өндірістік-технологиялық;
  • өндірістік-басқарушылық;
  • тәжірибелік-эксперименттік.

Өндірістік – технологиялық

  • Карталарды басылымға және оларды пайдалануға дайындау, өңдеу, құрастыру мен безендіру саласындағы жұмыстарды орындау; 

  • кешендік және тақырыптық картографиялау әдістерін әзірлеу;
  • математикалық картографиялау міндеттерін тәжірибелік шешу;
  • цифорлық картографиялық өнімдерді жасау саласында жұмыстарды жүзеге асыру;
  • географиялық атауларды жазудың бірыңғайлығын орнату бойынша жұмыстарға қатысу;
  • картографиялық дереккөздер туралы әртүрлі сұраныстарды қамтамасыз ету үшін  автоматтандырылған ақпараттық іздестіру жүйелерін ашу үшін жұмыстарды жүзеге асыру.

Өндірістік – басқарушылық

  • орындаушылар жұмысын ұйымдастыру;
  • өндірістік жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру;
  • орындалатын жұмыстар сапасын бақылауды жүзеге асыру, өндірістік учаскелерде қауіпсіздік техникасымен қамтамасыз ету.
  • өндірістік қызметтің экономикалық тиімділігін бағалауға қатысу.

Тәжірибелік-эксперименттік

  • Қазіргі заманғы жабдықтармен, құралдармен және техникалық құралдармен картографиялық жұмыстарды орындау үшін жаңа технологияларды меңгеру.

 

 

 

 05 June 2021