State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

Алғыс хат

Картография және геодезия жоғары колледжінің 3 курс студенттері жыл сайын түрлі кәсіпорындарда өндірістік -технологиялық тәжірибеден өтеді. Осылайша, олар геодезия саласында жұмыс істейтін кез келген маманға қажетті кәсіби дағдыларды меңгере отырып, жаңа арнайы құрылғылармен жұмыс істеуде және бағдарламалық қамтамасыз етуде тәжірибелерін арттыра түседі.

«Дорстрой LTD» ЖШС колледжіміздің әлеуметтік серіктесі болып табылады, сондай-ақ, студенттердің өндірістік – технологиялық тәжірибеден өтуіне және колледж түлектерінің жұмысқа орналасуы бағытында үнемі қолдау көрсетеді.  Өндірістік тәжірибеден өткен 305-ТА тобының студенті Халитов Дилшат Ришадұлының тәжірибедегі жұмысы үшін, «Дорстрой LTD» ЖШС басшысы С.С. Аубакировтың атынан колледждің оқытушылар құрамына және колледж әкімшілігіне алғыс хат берілді. Студентіміз  өзін тәжірибе барысында  жақсы жағынан көрсетіп, оқытушылардың еңбегі мен үмітін ақтап, колледж мерейін арттыра білді. Біз студенттерімізді мақтан тұтамыз және кері байланыс білдірген «Дорстрой LTD» ЖШС-не шексіз алғысымызды білдіреміз.

 30 September 2021