State-owned enterprise "Higher college of geodesy and cartography" of Educational department of East Kazakhstan region
РУС КАЗ ENG

«Атлас және карта – картография тілі»

«Атлас және карта картография тілі»

 Геодезия және картография  жоғары колледжінің  кітапхана меңгерушісі Касымова Сания Турсуновна 104 ТК топ студенттерін топ жетекшісі Жапбарова Айгерим Батырулановнаның  қатысуымен  «Атлас және карта – картография тілі» атты  кітап көрмесімен таныстырып өтті.

Көрнекілігі: Кітап көрмесіне Глобус, Әлем атластары, буклет, әр дәуірдегі Қазақстан карталары қойылды.

Мақсаты: Географиялық карта дегеніміз не және олардың негізгі түрлері мен маңызы жайлы білімді молайту. Студенттердің географиялық ой-өрісін дамыту. Түрлі – түсті Әлем атластарын, Қазақстан  карталары  жинақталған кітаптарды насихаттай отырып,   пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.  Студенттердің кітапқа  деген қызығушылығын арттыру.

Картография ежелден география ғылымымен дамып келеді. Математика, техникалық т.б. ғылым салаларымен тығыз байланыста. География және геодезия ғылымдары Жердің пішіні, мөлшері, беткі бөліктерінің өлшемдері туралы дәл өлшемдер береді. Картография көптеген техникалық ғылым салаларымен, соның ішінде автоматика, электроника, прибор жасау, техникалық дизайн т. б. салалармен байланыс жасап, өзі де өркендеп дамып отыр.

 02 April 2021