Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

Колледж студенттерінің ата-аналарымен онлайн жиналыс /сайтқа/

Колледж студенттерінің ата-аналарымен онлайн жиналыс /сайтқа/

 

 

2020 жылғы 17 маусымда жоғары геодезия және картография колледжінің әкімшілігі қашықтықтан оқыту кезінде және жазғы демалыс уақытында студенттердің демалысын дұрыс ұйымдастыру бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін ата-аналардың жалпы жиналысын ұйымдастырды, сонымен қатар жас жеткіншектердің жұмыспен қамтылуы, бос уақыттарын пайдалы өткізуі туралы ақпарат берді,    студенттер арасындағы аутоагрессивті жағдайлардың алдын-алу мәселелерін қарастырды.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Ильясова Г.Б. да онлайн жиналысқа қосылды. Гүлмира Бейсенбаевна жаз басталғаннан бері аймақтағы жағдай, қылмыстың алдын алу, жасөспірімдердің бос уақытын дұрыс ұйымдастыру туралы ақпарат берді. Директордың ОЖЖ орынбасары Усманова С.С. қорытынды аттестаттаудың ерекшеліктерімен ата-аналарды таныстырды. Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Шевченко О.А. кәсіби тәжірибені ұйымдастыру, яғни оқыту және өндіріс тәжірибелері туралы айтты.

Директордың ТЖЖ орынбасары Омарова М.К. студенттердің ата-аналарына жазғы демалысты ұтымды да пайдалы ұйымдастырудың түрлері туралы егжей-тегжейлі айтып, ата-аналар қоғамдастығы мен колледждің оқытушылар құрамының осы мәселе бойынша өзара әрекеттесуі туралы айтып өтті, сонымен қатар ата-аналарға студенттердің қашықтықтан оқыту мен ұзақ жазғы демалыстар кезінде түрлі құқықбұзушылық  әрекеттердің алдын алу мақсатында нақты ұсыныстар берді.

 19 June 2020