Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

2021 жыл талапкер назарына

Геодезия және картография жоғары колледжі» КМҚК 75 жыл бойы геодезиялық бейіндегі мамандарды дайындайтын және республикада 07310200 «Геодезия және картография» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін жалғыз мемлекеттік оқу орны болып табылады.

Колледж студенттерінің өздерін дамытуға, шығармашылық идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар. Колледжде спорт секциялары, қызығушылықтары бойынша үйірмелер жұмыс істейді, басқа аймақтардан келген студенттер үшін жатақхана, жатақханада кітапхана, оқу залы, жаттығу залы бар. Өндірістік тәжірибеден өту барысында барлық студенттер Қазақстан Республикасының өңірлеріне тиісті профильді кәсіпорындарға жіберіледі.

Колледж түлектерінің еңбек нарығындағы сұранысқа ие болуы колледждің материалдық-техникалық базасының топографиялық-геодезиялық өндірістің заманауи талаптарына сай келетіндігін дәлелдейді. Колледж түлектері толықтай жұмыспен қамтамасыз етіледі. Колледж түлектері, олардың саны 18 мыңнан астам, Қазақстанда, орта және алыс шет елдерде сәтті қызмет  атқаруда.

2018 жылы колледж халықаралық аккредитациядан өтті. Колледжің оқу-тәрбие жұмысындағы жетістіктер Республикада және одан тыс жерлерде білім беру мекемесінің оң имиджін қалыптастырды. Колледж «Сала көшбасшысы» және «Білім саласының көшбасшысы» мәртебесін алды, бұл Ұлттық сертификаттармен расталды.

Мамандық таңдау – әр жастың өміріндегі қиын және маңызды қадам болып табылады.

Біздің жастар жаңа білімді, дағдыларды меңгеруі, жаңа технологияларды кәсіби қызметінде шебер пайдалануы керек.

Біз Сізге өміріміздің әртүрлі бағыттарында кездесетін бірегей және сұранысқа ие мамандық алуды ұсынамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 09 June 2021