Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геодезия және картография жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
РУС КАЗ ENG

Колледждің даму тарихы

Колледждің тарихы 1946 жылы басталды. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Отанымызда қираған шаруашылықты қалпына келтіру басталды. Елдің табиғи байлығын зерттеу күшейтіле бастады, ал бұл үшін дәл карта қажет болды. Қазақ КСР Үкіметі КСРО Министрлер Кеңесіне Семей қаласында топографиялық техникум ашу туралы өтініш білдірді. Өтініш қанағаттандырылды.

1946 – 1947 жж. – техникумда бірінші оқу жылы басталды. Директоры -Бибергаль В. А. Үш топ қабылданды: екеуі 7 сынып негізінде, біреуі – 10 сынып негізінде.
Алғашқы алты жыл бойы техникум   бұрынғы қыздар гимназиясының 3-ші қабатының алты бөлмесінде болды. Алты бөлменің бірі  директор кабинеті мен кеңсе, екіншісі – оқу-бөлімі мен оқытушылар бөлмесі, үшіншісі сырттан келген білім алушылар үшін жатақхана, тек қалған үш бөлме оқу дәрісханалары болды. Техникумға келесі геодезиялық аспаптар бөлінді:

1. Теодолиттер штативтерімен – 20 дана;
2. Техникалық нивелирлер штативтерімен – 25 дана;
3. Мензулалар штативтерімен – 30 дана;
4. Кипрегель – 30 дана;
5. 20 метрлік өлшеуіш лентасы  – 30 дана;
6. Нивелирлік рейкалар – 30 дана.
1949 жылы бірінші  түлектері шығарылды. Техникумді 9 адам бітірді, кейіннен олардың  көбі өндіріс жетекшілері, партия, картографиялық цехтар басшылары болды.

1952-1953 оқу жылында Семей қ. зооветеринарлық институтының ұйымдастырылуына байланысты  топографиялық техникумға Жаңа-Семейдегі ет комбинатының ФЗУ ғимаратына көшуіне тура келді.

1950 жылдан бастап 1972 жылға дейін Агроскин Борис Ильич техникум директоры  болды. Ол өте ерекше маман және ұйымдастырушы еді.

Оқу процесі үшін ғимаратты бейімдеуге тура келді.

Белгілі бір бағытта күшті жел тұрған кезде пештер үлкен қолайсыздық туғызды,  түтін шығарып тұрғандықтан кейбір дәрісханаларда пеш мүлдем жағылмай, білім алушылар пальтомен отырды. Су құбыры болмағандықтан, суды ауладағы құдықтан алды. Қиын жағдайға қарамастан, оқу үрдісі жалғасып жатты. Көркемөнерпаздар үйірмесі мен спорттық секциялар жұмыс істеді.
1966-1967 оқу жылында техникум студенттеріне арналып, барлық жағдайы жасалған  бес қабатты жатақхана салынды: медпункт, асхана, душ, үлкен жарық бөлмелер.

Қазіргі күні бұл №2 оқу-тұрмыстық ғимарат, мұнда 4 және 5 қабаттары басқа аймақтардан келген студенттерге жатақханаға бейімделген.

1968 жылдан 1984 жылға дейін техникумда әскери дайындық бөлімі жұмыс істеді. Бұдан былай техникум қабырғасынан офицерлер, лейтенанттар, әскери топографтар шыға бастады. 1972 жылы техникум директоры болып Ульянин А. И. тағайындалды.

Техникум тарихындағы ерекше бет – Красный Яр ауылындағы полигондағы өмір мен оқу. Қиындықтар романтикамен қатар жүрді, бірақ тәжірибе аяқталысымен қиындықтар ұмытылып, есте тек табиғат аясындағы өмір ғажаптары, алау маңындағы әндер, өзенге шомылған шақтар, би кештері, достық пен тағы басқалары қалатын.

1975 жылы сабақ жаңа төрт қабатты ғимаратта басталды.

Техникум өмірінің тарихы жалғаса берді. Қызметкерлер, оқытушылар, студенттер құрамы ауысып отырды. Материалдық-техникалық база жақсара түсті. Техникум түлектері Кеңес Одағының аймақтарында жұмыс істеді. Көпшілігі жоғарғы білім алып,  өз техникумдарына оқытушы ретінде оралып жатты.

1987-2011 жылдары Топографиялық техникумды Левашов Сергей Васильевич басқарды.

Топографиялық техникум Қазақстан Республикасының Білім Министрлігінің 11.12.1995 жылғы № 312 бұйрығымен геодезия және картография колледжі болып өзгертілді.

Қазіргі уақытта – Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Геодезия және картография колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

Левашов Сергей Васильевич өзінің ізашарлары бастаған жұмысын лайықты жалғастырды. Комсомолдық жұмыста және кеңестік ұйымда, басқару ісі тәжірибесінің болуы Сергей Васильевичқа Семей топографиялық техникум ұжымында жаңа жұмысын бастауда қиындық тудырмады. 2006 жылы колледж аттестациядан өтті. Оның басшылығымен 2002 жылы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары бойынша төмендегі мамандықтар әзірленді: 3201002 «Қолданбалы геодезия», 3203002 “Аэрофотогеодезия», 3204002 «Картография» және 2008 жылы 0713000 “Геодезия және картография” мамандығы бойынша әзірленді. 2010 жылы жаңа МЖМББС ҚР 4.05. бойынша оқытуға көшу жүзеге асырылды.
Сергей Васильевичтің күш салуы арқасында колледждің материалдық базасы үздіксіз жақсара түсті – сандық модельдеу, қазіргі заманғы компьютерлік техникамен жабдықталған сандық картографиялау бойынша жаңа зертханалар ашылды; барлық оқытушылар компьютерлік дайындықтан өтті; колледждің әдістемелік комиссияларымен топографо-геодезиялық өндірістің жаңа ақпараттық технологиялары және оқытудың заман талабына сай әдістері енгізілуде. 2001 жылдан бастап колледждің барлық түлектері жұмыспен қамтамасыз етілген.

Колледждің оқу-тәрбие жұмысындағы жетістіктері Республика бойынша оқу орнының жақсы имиджін қалыптастырды. Левашов С.В. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2 грамотасымен, «Қазақстан Республикасының Құрметті геодезисті» белгісімен марапатталды және 2006 жылдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының Білім департаментімен және Шығыс Қазақстан облысының колледждер ассоциациясымен «Жылдың Үздік колледж директоры» болып танылған. 2009 жылдың желтоқсан айында ол Мәскеудегі V Жалпыресейлік білім беру мекемелері басшыларының форумына қатысты.

2011 жылдың сәуір айында колледж директоры Левашов С.В. мезгілсіз өмірден өтті. Сергей Васильевич геодезия және картография колледжін шамамен ширек ғасыр басқарды, ол дарынды ұйымдастырушы болды, оның өз ісіне деген адалдығы өзгелердің сыйластығы мен құрметін оятатын.

2011 жылғы шілде айында колледж басшысы болып Салакчинов Бауржан Ауельбекович (Шығыс Қазақстан облысы Білім Басқармасының 2011 жылдың 25 шілдегі №38 бұйрығымен) тағайындалды.

Оның басшылығымен 2011 және 2016 жылы колледж мемлекеттік аттестаттаудан табысты өтті.

Бауржан Ауельбекович колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға көп көңіл бөледі: 2014 жылы оқу корпусының терезе блоктарына жөндеу жұмыстары жүргізілді, 25 млн. теңгеге геодезиялық аспаптар, жатақханаға жиһаз бен тұрмыстық техника сатып алынды.

Бауржан Ауельбекович колледж бен халықаралық КОНКОРД академиясының серіктестігінің бастаушысы болды. 2012 жылдан бастап геодезия және картография колледжі халықаралық КОНКОРД ЕВРОТАЛАНТ (Париж-Франция) академиясының мүшесі болып табылады.

Бауржан Ауельбековичтың жетекшілігімен қазіргі уақытта геодезия және картография колледжі инновациялық технологияға көшу жүзеге асырылуда, Жерді қашықтан бақылау заманауи электронды құрылғыларын қолдануға негізделген, геодезиялық өлшеулердің қорытындысын сандық әдіспен өңдеу. Осы міндеттерді шешу мақсатында колледж құралдарды жеткізуші серіктестермен келісімшарттар бекітті: «Геокурс» ЖШС және оның филиалдары «Геокурс Шығыс» Алматы қаласы және Өскемен қаласы, Мәскеу қаласы «Ракурс» ЖШС.

Бауыржан Ауелбекович еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті маманның сапалы дайындығына ерекше көңіл бөледі. 2013 жылы колледж Шығыс Қазақстан облысы ТжКБ жүйесінде түлектерді жұмысқа орналастыру және бекіту бойынша рейтингте көшбасшылардың бірі болды: 2012 – 2013 оқу жылында – 2-орын; 2013 – 2014 оқу жылында – 2-орын; 2014 – 2015 жылдары түлектерді жұмысқа орналастыру 94,6%, 2015 – 2016 жылы – 88,2 % құрады.

Қазіргі уақытта №2 оқу-тұрмыстық корпус, бұл корпустың төртінші және бесінші қабаттары басқа қаладан келген студенттерге тұруға беріледі.
2010 жылдан бастап колледжде “Геодезия және картография” бір мамандық бойынша және үш біліктілік: “Техник-геодезист”, “Техник-аэрофотогеодезист” және “Техник-картограф”.

2010 жылдан бастап колледжде оқыту  «Геодезия және картография» мамандығы бойынша, үш біліктілік бойынша жүргізіледі: «Техник-геодезист», «Техник-аэрофотогеодезист» және «Техник-картограф». 2013 жылдан бастап колледж «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша мамандандарды дайындай бастады, яғни Шәкәрім атындағы СМУ колледжінің жабылуына байланысты «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша сырттай оқу бөлімінің 5 студенті біздің колледжге ауыстырылды (Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының 2013 жылдың 09 шілдесіндегі №201 бұйрығы). 2014 жылы сырттай оқу бөлімін «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша 4 түлек бітіріп шықты және жоғарыда аталған мамандық бойынша сырттай оқу бөліміне талапкерлер қабылданып, 13 түлек 2017 жылы бітірді.

Колледж түлектері, ал олардың саны 17 мыңнан астам, Қазақстанда, алыс және жақын шетелдерде табысты еңбек етуде.

Колледж өзінің қызмет еткен мерзімі барысында материалдық-техникалық базасын жетілдірді. Бүгінгі таңда оған жиырмадан астам оқу зертханалары мен кабинеттері, акт және спорт залдары кіреді.

Колледж кітапханасында 2 оқу залы және кітап сақтау орны бар.
2016 жылдың ақпанында колледждің екінші ғимаратында 10 орындық кітапхана ашылды, жалпы көлемі 55,8 кв. метр.

Колледж 5 арнайы компьютерлік сыныптармен жабдықталған. Колледждің оқу-зертханалық кабинеттері геодезиялық және фотограмметриялық аспаптармен жеке және бригадалық әдіспен орындауға мүмкіндік береді.
Оқу тәжірибесі 3 геодезиялық полигонда аэрофототүсірілім және картографиялық материалдармен өткізіледі. Бір полигон қала ішінде, екеуі қаланың сыртында орналасқан. Осы полигондардың болуы оқу тәжірибесінің бағдарламасын толық көлемде орындауға мүмкіндік береді.
Студенттік өмір – бұл тек дәрістер мен сынақ емес, сонымен қатар бай оқиғаларға толы өмір. Ең алдымен – мәдени.
Колледж студенттеріне өмірде өз таланттарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Ол үшін колледжде спорт секциялары, қызығушылығы бойынша үйірмелер ұйымдастырылған.

Колледж студенттердің денсаулығына бейжай қарамайды. Ол үшін оқу орнында тәжірибелі дәрігер жұмыс істейді.
Колледж студенттерінің дене шынықтыру дайындығына ерекше көңіл бөлінеді. Колледж командалары бірнеше мәрте әр түрлі деңгейдегі жарыстардың жүлдегерлері атанды. 2014 – 2015 оқу жылында колледж студенттері қалалық турнирлерде жүлделі орындарға ие болды: тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, Президенттік көпсайыс, волейбол, мини-футбол және футзал бойынша, ал 2015 – 2016 оқу жылында ТжКБ оқу орындары арасында өткен қалалық спартакиядада колледждің ұлдар командасы – 1 орын, қыздар командасы 2 орынға ие болды. 2016 – 2017 оқу жылында өткен қалалық жарыстарда келесі жүлделі орындарға ие болды:

Жарыс түрлері Қыздар Ұлдар
1 Күзгі кросс 3 орын 2 орын
2 Тоғыз құмалақ 3-орын 3-орын
3 Үстел теннисі 8-орын 2-орын
4 Футзал 2 орын
5 Шахмат 3 орын 2 орын
6 Баскетбол 4 орын 1 орын
7 Көпсайыста 2 орын 1 орын

 

Кәсіби мамандарды даярлауда еңбек нарығы ерекше талаптар қояды. Заманауи өндіріске, жаңа білім сапасын меңгерген маман қажет. Тек қана орындаушы емес, өз бетімен білімді меңгеруге икемді және білімдерін жаңартып отыратын маман қажет. Тек өз шығармашылық әлеуетін пайдалана білетін кәсіби құзыретті маман педагог ретінде сапалы болашақ мамандар даярлауды жүзеге асырады. Осыған байланысты колледжде оқытушының кәсіби және жеке тұлғалық өсуіне көп көңіл бөлінеді. 2015 – 2016 оқу жылынан бастап колледж оқытушылары “Мамандарды даярлау сапасын жетілдіру топографо-геодезиялық өндірістегі білім үрдісіне жаңа технологияларды  енгізу нәтижесі ретінде” тақырыбында жұмыс істеді.

Тақырыптың міндеттері:”Мамандарды даярлау сапасын жетілдіру топографо-геодезиялық өндірістегі білім үрдісіне жаңа технологияларды  енгізу нәтижесі ретінде”.

  • оқу кабинеттері мен зертханаларын топографо-геодезиялық, фотограмметриялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу үшін сандық технологияларға көшуді қамтамасыз ететін  заманауи бағдарламалық құралдармен,   мультимедиялық жабдықтармен жабдықтау;

  • оқыту әдістемелерін жетілдіру;
  • оқу үрдісінде одан әрі пайдалану үшін әдістемелік-ақпараттық ресурстар банкін қалыптастыру;
  • білім алушылардың өздігінен жұмыс жасауы үшін жағдай туғызу;
  • тестілеу базасы арқылы  білім алушылардың білімін бақылау түрлерін жүйелеу;
  • қазіргі заманғы талаптарға сәйкес арнайы оқытылатын пәндердің мазмұнын жаңарту және толықтыру .

Колледж ұжымы тұрақты, көптеген жылдар бойы колледжде 50 оқытушы білім беруді жүзеге асыруда. Оқытушылардың 30% – дан астамында бірінші және жоғары біліктілік санаты бар. Оқытушылар оқу материалдарын кәсіби меңгерген, заманауи әдіспен және сабақты ұйымдастыру әдістерін жетілдіруге аса назар аударады, инновациялық технологияларды белсенді пайдалануда.
Колледж оқытушылары жыл сайын түрлі деңгейдегі іс-шараларға, сондай-ақ студенттерді қалалық, облыстық және республикалық іс-шараларға дайындауды жүзеге асырады.

Сонымен қатар, әлі де мәселелер бар: электрондық оқу-әдістемелік кешендерін құру және жетілдіру; арнайы пән оқытушыларының заманауи білім беру технологияларын тұрақты игерумен қатар топографо-геодезиялық өндірістегі заманауи технологияларды да игерулері қажет; “Геодезия және картография” мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарларын жүзеге асыру үшін сабақта және сыныптан тыс іс-шараларда АКТ-ды пайдаланады (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 ж. 15 маусымдағы № 384 бұйрығымен бекітілген) және базалық және кәсіби құзыреттерді жоғарылататын  жаңа оқу пәндері енгізілген бағдарламаларын пайдаланады; оқу кабинеттерін заманауи мультимедиялық жабдықтармен жабдықтау, топографиялық-геодезиялық, фотограмметриялық және картографиялық жұмыстарды орындау үшін сандық технологияларға көшу, заманауи техникалық құралдармен және қазіргі заманғы бағдарламалық құралдармен қамтамасыз ету.

Колледж оқытушыларымен арнайы пән курсы бойынша оқу-әдістемелік құралдар, тест тапсырмалары және әдістемелік нұсқаулар әзірленген. Олардың жұмыс нәтижелері циклдік комиссияларда, семинарларда, педагогикалық кеңестерде және отырыстарда тыңдалады, әрбір оқу жылының соңында дәстүрлі әдістемелік байқау жүргізіледі.

Геодезия және картография колледжі инновациялық технологияларды пайдалануға, Жерді қашықтықтан зондтауға негізделген қазіргі заманғы электрондық аспаптарына, геодезиялық өлшеулер нәтижелерін өңдеудің сандық әдістеріне жоспарлы көшуді жүзеге асыруда. Осы міндеттерді шешу мақсатында колледж құралдарды жеткізуші серіктестермен келісімшарттар бекітті: «Геокурс» ЖШС және оның филиалдары «Геокурс Шығыс» Алматы қаласы және Өскемен қаласы, Мәскеу қаласы «Ракурс» ЖШС.

2013 жылы жоғарыда айтылған ұйымдармен бірлесіп мынадай іс-шаралар жүргізілді: аумақты картографиялау үшін ПҰА (пилотсыз ұшу аппаратын) пайдалану технологиясын оқу бойынша семинар; электрондық тахеометрлер мен GPS жүйелерін игеру бойынша семинар; GPS базалық станциясы орнатылған; колледж өкілдері Мәскеу қаласында және Новосібір қаласындағы  “ГеоСибирь” халықаралық геодезиялық аспаптар көрмесіне қатысты, сондай-ақ 3 оқытушы Photomod сандық фотограмметриялық жүйесін игеру бойынша семинарға қатысты, ол қазіргі уақытта оқу үрдісіне енгізілді.

Оқу орны Қ. И. Сәтбаев атындағы Қарағанды мемлекеттік политехникалық университетімен, Сібір мемлекеттік Геожүйелер мен технологиялар университетімен (бұрын СМГА – Сібір мемлекеттік геодезиялық академиясы), Мәскеу политехникалық геодезия және картография колледжімен тығыз  ынтымақтастықта.

2009 жылы академик Д. Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университетімен ғылыми-техникалық қарым-қатынас туралы келісім шарт құрылды.

2013 жылы Сібір мемлекеттік геодезиялық академиясымен (СМГА) мамандарды даярлау бойынша келісім-шартқа қол қойылды, қазіргі уақытта ол геожүйелер және технологиялар Сібір мемлекеттік университеті. 2013 жылдан бастап колледж базасында жоғарыда аталған университеттің сырттай оқу бөліміне колледж түлектері үшін түсу емтихандары өткізіледі.

Геодезист және картограф – шығармашылық мамандықтар. Бұл мамандық адамдарға табиғи ресурстарды, жер және жаңа карталарды тезірек және толығырақ зерттеу үшін инженерлік құрылыстарды тұрғызу кезінде құрылғылар пультін басқару үшін қажет. Осыдан барып, колледждің басымдылығы болып еңбек нарығының сұранысына ие, бәсекеге қабілетті сапалы маман даярлау болып табылады.

Колледждің оқу-тәрбие жұмысындағы жетістіктер Республикада және одан тыс жерлерде білім беру мекемесінің оң имиджін қалыптастырды.

2016 жылы “Геодезия және картография колледжі” КМҚК “Сала Көшбасшысы-2016” және “Білім беру Көшбасшысы”  мәртебесі дәлелденген Ұлттық сертификаттармен марапатталды.

 09 May 2018